+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Жамбылда құжаты жоқ мас жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды

2020 жылғы 19 қаңтар 22:02
Бөлісіңіз:
Жамбылда құжаты жоқ мас жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші полициядан қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда мас күйінде көлік жүргізген 7 адам жауапқа тартылды Петропавлда мас жүргізуші тұрғын үйге барып соғылды Тараздық полицейлер мас жүргізушіні тапаншаның көмегімен тоқтатты

Айта кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген жаңа заң бойынша мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейді. Жамбыл облысында мұндай факті бірінші рет Шу ауданында тіркелді.

Таяуда аудандық полиция қызметкерлері бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған 32 жастағы мас жүргізушіні ұстады. Ол Ауди 100 автокөлігін тізгіндеу кезінде орта мөлшердегі мас болған.

«Жүргізуші полицейлерге ұстатпай кетуге тырысты. Сөйтіп қарсы жолақтағы көлікке қатер төндірді. Дегенмен, оны полиция қызметкерлері тез-ақ ұстады. ҚР ҚК 346-бабына сәйкес, құқық бұзушы автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Бұл бап бойынша санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады», - деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Үдергенов.

Қазіргі таңда жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал автокөлік айып тұрағында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT