Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Жамбылда қуаты 400 мың тонналық сода зауытын салу бойынша келісімге қол қойылды

2019 жылғы 17 мамыр 13:33 232
Бөлісіңіз:
Жамбылда қуаты 400 мың тонналық сода зауытын салу бойынша келісімге қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы мен Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан бизнес құруға болатын ең жайлы шарттарды ұсынады - Үкімет басшысы

Зауыттың жылдық қуаты - 400 мың тонна.

«Біздің компания Жамбыл облысында кальцийленген сода өңдеу зауытын салады. Жобаға 300 млн доллардан астам қаражат құюды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні Сұркөл кенінде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі кен өндіру келісімдері бұрын жасалған. Сол себептен, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын әзірленуде. Жамбыл облысының әкімі толығымен қолдау көрсетуге дайын. Біз былтыр тиісті меморандумға қол қойған болатынбыз. Биыл енді толық келісімге қол қойылып отыр», - деді компания басқарма төрағасының орынбасары Альп Маразгит АЭФ аясында жаһандық инвестиция тақырыбында өтіп жатқан сессия кезінде тілшілерге.

Еске салайық, «Yildirim Holding» түрік компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын тұрғызуға ниетті екені былтыр хабарланған еді. 2017 жылы елордадағы ЭКСПО-ның Конгресс-орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Yildirim Holding» компаниясының басқарма төрағасы Роберт Юксель Йылдырымды қабылдаған болатын. Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылаған еді.

«Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтқан еді.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT