Жамбылда көші-қон заңнамасын бұзған 7 шетелдік ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан және Қырғыз Республикасының азаматтарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

«Ағымдағы жылдың 17 тамызында тәртіп сақшылары рұқсат беру құжатынсыз жұмыс істеген 5 Өзбекстан азаматын анықтады. Қазақстан аумағынан заңда белгіленген мерзімде шықпаған Қырғыз Республикасының 2 азаматы 2019 жылғы 20 тамызда Қордай ауданындағы өткізу пунктінде тоқтатылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жол берілген бұзушылықтар үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауапкершілікке тартылған.

Мамандар көші-қон заңнамасын бұзушылармен күрес бойынша алдын алу жұмыстары жалғасуда екенін айтады.


Соңғы жаңалықтар