Жамбылда коронавирус жұқтырғандардың саны 400-ден асты
2020 жылғы 4 маусым 12:40

Жамбылда коронавирус жұқтырғандардың саны 400-ден асты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 405-ке жетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 7 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атап айтсақ, облыс орталығының 1977, 1996, 1962, 1995 жылдары туған төрт тұрғынынан инфекция анықталды. Олардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, біреуі байланыста болған адамдар арасынан белгілі болды. Тағы үш жаңа жағдай Т.Рысқұлов ауданының 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындары арасынан тіркелді. Олар бұған дейін ауырған науқаспен жақын байланыста болған. Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді. Ал олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 405 жағдайы тіркелді. Ал, Індет жұқтырғандардың 209-ы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT