+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жамбылда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

2020 жылғы 25 мамыр 11:58
Бөлісіңіз:
Жамбылда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 24 жастағы жүкті әйел босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық инфекционист пандемия кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді ДСМ жұмысын бастайтын кинотеатрларға қойылатын талаптар алгоритмін жариялады Қазақстанға автокөлік арқылы кірген 122 адамнан коронавирус анықталды – ДСМ

Жамбыл облысында 24 мамыр күні коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, Тараз қаласында 29 оқиға анықталды, оның ішінде 4 жастан 41 жасқа дейінгі 28 тұлға бар. Олардың бәрі бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.

Сондай-ақ, дерт 24 жастағы жүкті әйелден анықталды, ол 23 мамыр күні перзентханаға жатқызар алдындағы жоспарлы тексеруден өткен. Келіншек сол күні босанды. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиді КВИ-ға тексеру жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Байзақ ауданының 1966, 2004, 2017 және 2018 жылы туған төрт тұрғынынан да инфекция анықталды.

Ағымдағы жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 292 жағдайы тіркелді.

Ауырғандардың ішінен 171 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT