Жамбылда көпқабатты 12 тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

28 нысанның 12-сі көпқабатты тұрғын үй болса, 7-еуі дәрігерлік амбулатория, 4-еуі балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.

Мереке аясында Жамбыл облысында  көппәтерлі 12 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның тоғызы Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа №15, екеуі «Бәйтерек» мөлтек аудандарынан берілді. Сондай-ақ, Шу қаласындағы «Жетісу» тұрғын алқабындағы 75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта жөндеуден өтті.

null Бүгінде Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы жүруде. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылуы жоспарланған. Жалпы, қазіргі кезде Тараз қаласындағы 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсынылуда.

«Бас жоспарға байланысты жаңа 15-мөлтек ауданда 280 көпқабатты 969 жеке тұрғын үйдің құрылысы салынуы жоспарланған. Бүгінгі күнге «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 10 үйдің құрылысы басталып, 9 үй қабылданды, 10-үй қабылдануға дайындалып жатыр. 15-мөлтек ауданының орталығы 42 гектар болып отыр, бұл 42 гектарға Тәуелсіздік монументінің құрылысы салынатын болады, бұл жерде Оқушылар сарайы, көптеген мәдени әлеуметтік нысандар салынатын болады», дейді облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев.null      

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары облыста 1 миллион 420 мың шаршы метр баспана ел игілігіне берілген. Осы жылдың өзінде баспанаға 7 миллиард теңге жұмсалып, 440 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Ал, ағымдағы жылы «7-20-25» кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.

Авторы: Ғибрат СЕМБАЙ

Соңғы жаңалықтар