Жамбылда көпбалалы отбасылардың үйіне өрттен қорғайтын қондырғы орнатылуда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында газ бен түтін иісі шыққанда іске қосылып, жамандықтың алдын алатын қондырғылар орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қондырғымен бүгінгі күнге дейін көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 1700-ден астам отбасы қамтамасыз етілді. Олар – Тараз қаласы, Жуалы және Талас аудандарының тұрғындары.

Мамандар бұл құрылғылардың өрттің алдын алуға мүмкіндік беретінін айтады. Айталық, көгілдір отынның иісі шықса немесе от тұтанса, дабыл іске қосылады. Мұндай құрылғы әлеуметтік аз қамтылған 29 мыңға жуық отбасының үйіне орнатылады.

«Құтқарушы мамандар қысқы жылыту маусымы басталған кезеңнен бастап өртке қарсы шараларды күшейту мақсатында 55 мыңға жуық тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы парақшалар таратып шығады»,- дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Қайрат Оразбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында жылыту маусымы кезінде иіс тию бойынша 8 оқиға тіркелді. 561 өрт тіркелген. Салдарынан үш адам қаза туып, 4 адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар