Жамбылда көлік апатынан жеті айда 90 адам көз жұмды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 7 айдың ішінде 687 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқыс оқиғадан 90 адам қаза тауып, 4000-ға жуығы әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының саны артып барады. Осы орайда, мамандар тас жолдағы көлік апатының алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алуда екен.

Өткен аптаның өзінде 8 жазатайым жағдай жолаушылар жолағында орын алыпты. Себеп жүргізушілер жылдамдықты асыра пайдаланып, жолаушыларға мән бермей жолдан өтуі.

Сондай-ақ, жол апаттары республикалық маңызы бар Батыс Еуропа -Батыс Қытай автодәлізінде түнгі уақыттарда жиі орын алады екен.

«Біздің облыста республикалық жаңа тас жолы жақсы салынған. Соны біздің жүргізушілер барынша пайдаланып, жылдамдықты асыра көтереді. Сондықтан жол-көлік оқиғаларының көбі түнгі уақытта, жүргізушілердің қалғып кетуінен орын алады. Сондай-ақ, бізде көлік апаты Тараз қаласында жиі орын алады»,- дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы Самат Құсайынов.

Мамандар аталмыш автодәлізде жүргізушілердің қалғып кетуін жол-көлік оқиғаларының бірі ретінде бағалап, бұл магистральға демалатын орындар ашуды керектігін көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар