+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

2019 жылғы 20 қазан 08:56
Бөлісіңіз:
Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында бір аптада 4386 құқық бұзушылық анықталды. Оның 2171-і қоғамдық көліктердің жүргізушілері жасаған жол ережелерін бұзу оқиғалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да полицейлерге жаңа 35 көлік берілді Қостанайда шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Ағымдағы жылдың 10-17 қазаны аралығында Жамбыл облысы аумағында ІІО 419 қызметкерінің қатысуымен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Жылдамдықты арттыруға байланысты ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша 385 факт тіркелген. Сондай-ақ, 343 жүргізуші маневр жасау ережелерін сақтамаса, 316 адам жүргізу кезінде телефонды пайдаланған және тағы да басқа құқық бұзушылықтар анықталды. Іс-шара барысында 20 қоғамдық көлік айып тұрағына қамалды»,-дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Өдергенов.

Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде өңірде автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT