Жамбылда кәсіпкерден пара алған шенеунікке 4 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында әкім аппаратының арнайы базасының бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жамбыл облысы әкімі аппаратының арнайы базасы» ММ бұрынғы басшысы Қарағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылғандарды ыстық тамақпен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын бекітуге және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 350 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

2020 жылдың 11 ақпанында Тараз қалалық сотының үкімімен Қарағұловқа 4 млн 200 мың теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте лауазымды орындарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар