Жамбылда карантин талаптарын бұзғандардың тізімі жарияланды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «қызыл» мәртебесі бола тұра, 14 күндік үй карантині талаптарын бұзған тұрғындардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Олар оң ПТР тест нәтижесі бола тұра қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.

Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардан үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ «ASHYQ» жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына жобаның талаптарын ұстануды сұрайды.

Сонымен қатар, «қызыл» мәртебесі бола тұра, 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі жарияланды.

1. Элмира Тапелова – Сарысу ауданы

2. Жамилә Ақылбекова – Тараз қаласы

3. Елжан Даулет – Тараз қаласы

4. Эльмира Мусаева – Талас ауданы

5. Анара Әбдіханова – Тараз қаласы

6. Талғат Нұрбеков – Тараз қаласы

7. Айгүл Оразалиева – Тараз қаласы

8. Орунбай Каленбеков – Тараз қаласы

9. Мақсат Маханбетхан – Тараз қаласы

10. Ержан Таңатаров – Тараз қаласы


Соңғы жаңалықтар