Жамбылда қарақұйрық атқандар ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулаған браконьерлерді ұстады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 6 қазаны күні түнде Байзақ ауданының төрт тұрғыны «Нартай» құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі – қарақұйрықтарды заңсыз атқан.

Браконьерлердің «Тойота» маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тұтас етін тапты.

«Екі қарақұйрық тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген, алайда аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған. Аталған дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы, 1-бөлімі, яғни жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды»,-дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Ұсталған күдіктілерден аңшы мылтығы тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар