Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Жамбылда қаңтар оқиғасынан кейін көз жұмған жасөспірімге үкім шықты

2022 жылғы 2 желтоқсан, 08:21

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні сотталушы О. (марқұм) Тараз қаласында қирату, бұзу және қалалық әкімдік ғимаратының мүлкін жоюға ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан.

Сондай-ақ О. әскерилердің әкімдік ғимаратынан кетуін талап етіп, бәрін бірге өртеп жіберемін деп қорқытқан.

О-ның кінәсі іс аясындағы айғақтармен дәлелденді.

Атап айтқанда, куәлар К., А., Ж-ның айғақтары, сот-медициналық, сот-биологиялық, сот-медицина-криминалистикалық, сот-баллистикалық сараптама қорытындысы, сондай-ақ фотосурет бойынша тану хаттамасы мен істің басқа да материалдары бар.

Прокурор сотталушы О-ны қайтыс болуына байланысты жаза тағайындамай, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін (ҚР ҚК 272-б. 2-б.) кінәлі деп тануды сұрады.

Сотталушының өкілі Б. іс бойынша жиналған дәлелдемелерге дау айта отырып, О-ға тағылған айыпты мойындамай, істі мәні бойынша қарауды сұрады.

Сот О-ның кінәсін дәлелденген деп таныды.

Сот үкімімен О. қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмай, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны (ҚР ҚК 272-б. 2-б.) үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме