+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жамбылда кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

2019 жылғы 16 қараша 03:54
Бөлісіңіз:
Жамбылда кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда 33 жастағы ер адам үйінде көз жұмды Алматының «Арбатында» адам пышақтаған жігіт сотталды Алматы облысында бірнеше жарыста жеңіске жеткен  ағылшын-араб тұқымды жылқы ұрланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады»,-делінген департамент басшысының жазбасында.

Жамбылдық полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні оқиғаның ізін суытпай ұстады. Жәбірленуші күдіктіні таныған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT