+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан

2019 жылғы 9 желтоқсан 18:57
Бөлісіңіз:
Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір бағытта бара жатқан 14 көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда үш көлік соқтығысып, жүкті әйел мен 8 жасар бала жарақат алды Блокпостағы апат: Қаза тапқан полицейдің әйелі кінәліден 37 млн теңге талап етті СҚО-да жол апатынан ерлі-зайыпты зейнеткерлер мерт болды

Аталған жол апаты Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының 472 шақырымында болған. Оған қалың тұман, көктайғақ себеп болған.

«ЖКО салдарынан жеңіл жарақат алған 2 адам ауруханаға қаралды. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына кедергі жоқ», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Осыған орай, департамент өкілдері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды, жолда аса сақ болуды ескертеді.

«Жамбыл облысы Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» компаниясына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыста облыс жолдарында кедергілерді болдырмау жөнінде ұйғарым жіберген болатын. Аталған компания «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының Жамбыл облысы аумағынан өтетін 450 шақырым жол жағдайына жауапты», - делінген ведомство хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT