Жамбылда із-түссіз жоғалған 9 азамат табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында хабарсыз кеткен 9 азамат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Мадимаровтың айтуынша, екі күнде 25 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 17-сі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүргендер.


«Іздеу» жедел-алдын алу шарасы барысында із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ұрлық дерегімен іздеуде жүрген алты азамат және 192-бабы бойынша қарақшылық шабуыл жасаған бір азамат құрықталды»,- дейді Ардақ Мадимаров.


Соңғы жаңалықтар