Жамбылда ірі көлемде марихуанамен шымкенттік ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында Шымкент қаласының тұрғынының көлігінен есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері »Алматы-Ташкент« тас жолында »Лада-21713«жүргізушісі тоқтатып, тексерген. Тексеру барысында Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 23 келіден астам »кептірілген марихуана« есірткі заты тәркіленді»,-дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, тергеу изоляторына қамалды. Оған ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар