Жамбылда интернет-алаяқтығының 11 дерегі анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер республикалық маңызы бар «Anti-fraud» іс-шарасы барысында интернет арқылы жасалған алаятықтың 11 дерегі анықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Жамбыл облысының аумағында республикалық маңызы бар «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықпен жолмен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті к риминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернетті пайдаланушыларға қатысты алаяқтықтың әрекетінің 11 дерегі анықталды, оның ішінде алты дерек бұрын жасалған. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Тараз қаласында тұратын А. есімді азаматтың ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, « Финкап « интернет қосымшасы арқылы жергілікті тұрғынның атына 40 мың теңге көлемінде онлайн кредитті ресімдеген алаяқтық дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«1995 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны Қ.есімді азаматша төрт алаяқтық дерегін жасаған, ол «Instagram» интернет қосымшасында киім сату туралы жалған жарнама орналастырып, төрт сатып алушыдан жалпы көлемі 44 мың теңгені «Каспи голд» карточкасына аудару арқылы заңсыз иемденген. «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс – шарасын жүргізу барысында Қ. есімді азаматшаның бұрын да осыған ұқсас (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша) тағы төрт алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленуші төрт әйелден алған қаражаттың жалпы көлемі 101 800 теңгені құрайды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, өткен жылы 18 желтоқсанда Тараз қаласының А. есімді тұрғыны интернеттегі «Кредит Севен» қосымшасы арқылы ер адамның атына жалпы көлемі 40 мың теңгені онлайн кредитпен рәсімдеген. Ал, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында 1998 жылы туған Алматы облысының тұрғыны «Instagram» интернет қосымшасында шуба сатылады деген жалған жарнама арқылы сатып алушылардың біріне тиесілі 158 мың теңге көлеміндегі ақшаны «Каспи голд» карточкасына аудартып, иемденген.

Алаяқтық әрекетін жасаған барлық азаматтар ұсталды. Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар