Жамбылда инфекциялық стационарлар 61 пайызға толы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша жалпы COVID-19 вирусын жұқтырудың 13 349 жағдайы тіркелді десек, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 1172,4 құрады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал пневмонияның 6018 жағдайы тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірлік коммуникацялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді.

Өткен тәулікте өңірде КВИ-дың 181 жағдайы, пневмонияның 17 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылдың 4 тамызы сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда 2 133 науқас жатыр десек, төсек орындар 61%-ға толтырылған. Реанимациялық төсек орындарда 176 науқас ем алуда, мұндағы төсек орындар 52%-ға толтырылған. Карантиндік стационарларға 66 тұлға орналастырылған.

«Емдеу алдын алу ұйымдарында коронавирусты емдеуге қажетті дәрі – дәрмектердің 2 айлық қоры қалыптасқан. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда.

Жалпы облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жоспарлануда, қазіргі таңда, 292 088 тұлға екпе алып, көрсеткіш 50,2 пайызды құрады. Жалпы облыс аумағында 23 МСАК ұйыдарында 43 егу пункттері бар, олардың 15 қалада, 28 аудандарда орналасқан», - деді басқарма басшысы.

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 16 990 доза QazCovid-in – Отандық вакцина (8 495 адамға), 301 700 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 232 400 доза 2 компоненті, 60 000 доза (30 000 адамға) Хаят Вакс вакцинасы, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы жеткізілген.

«Бүгінгі күнге қазақстандық вакцинаның 2868, Спутник V 1 компонентінің 62 150, 2 компонентінің 68 831 дозасы қалды, КоронаВактың 2 турының – 1 917 дозасы қалды. Жалпы коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілуде және атқарылып жатқан іс-шаралар тұрақты бақылауда»,-дейді Ә. Қалиев.


Соңғы жаңалықтар