Жамбылда игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының ауамағындағы игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста жайылым жер мәселесі 2021 жылдан бері қолға алынып, 5 бағытта жұмыстар жүргізілуде. 683,6 мың гектар жетіспейтін жайылым жерлер анықталған болатын. Мәселен, босалқы жер қорындағы және қайтарылған жайылымды елді мекендерге бекіту арқылы 363 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайттық. Елді мекеннен 5 шақырымдық радиуста орналасқан 49,2 мың гектар жайылым жер елді мекендерге бекітілді. Орман қорының 1 млн 80 мың гектар жеріне мал басы көп тұрғындардың 245 мың малы шығарылды», - деп мәлім етті Нұржан Нұржігітов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Әкім ұсынған дерекке сай, биыл жыл соңына дейін 200 мың гектар игерілмеген жерлерді қайтару жоспарланған.

«Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға 510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі 683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарды», - деді Нұржан Нұржігітов.


Соңғы жаңалықтар