Жамбылда есірткімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауқымды арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топтың 6 қатысушысы бір уақытта ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Полиция департаменті мен прокуратурасы бірлесіп, өңірде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді.

2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың 6 қатысушысын бір мезгілде ұстаджы. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.



Фото: t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар