Жамбылда екі күнде 25 қылмыс ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі күн ішінде 25 қылмыстың беті ашылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ нұсқауына және облыстық полиция департаментінің бұйрығына сәйкес 26-28 тамыз аралығында Жамбыл облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Оның негізгі міндеттері құқықтық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Профилактикалық іс-шараға 1000-ға жуық ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілер, 30-дан астам жұртшылық өкілдері тартылды және 198 бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Екі күн ішінде 37 қылмыс тіркеліп, оның 25-і ашылды. Облыс орталығында тіркелген 23 қылмыстың 14-і ашылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген екі адам ұсталды. Тараз қаласы ІІБ және Меркі ПБ-нің полиция қызметкерлері марихуана мен героиннің заңсыз айналымының екі фактісін, Тараз қаласы ІІБ - нің 1 - ПБ-не оқ-дәрімен атылатын қаруды алып жүру фактісін және Т. Рысқұлов ПБ-не оқ-дәріні сақтаудың бір фактісін анықтады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, 1285 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Нәтижесінде қабылдау-тарату орнына 6 адам, ЖОНД - 50 адам қамалды. Сонымен қатар, 215 пәтер және профилактикалық есепте тұрған 1111 есепте тұрған, оның 374 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тексерілді.



Соңғы жаңалықтар