Жамбылда екі айда 120-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен облыс аумағында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті арттыру, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау болып табылады.

Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығына аса бейім аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан жедел топтар құрылды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іс-шара барысында 12 пәтер ұрлығы ашылды. Жамбыл облысында 2020 жылдың екі айында 123 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл 2019 жылы 200-ге қарағанда, 77 фактіге аз. Жалпы алғанда -38,5 пайызға төмендеген»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.

Соңғы жаңалықтар