Жамбылда дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында өткен жылы «Адал фарм» жобасы аясында 167 дәріхана мен 32 дәрілік қоймаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталып, 32 әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Адалдық пен адамдық қоғам айнасы» атты онлайн кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев айтып берді.

Спикер кездесуде департаменттің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды. Мәселен, ол облыста қалалық, аудандық әкімдіктердің 100 пайыз қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшкенін, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасына 771-ден аса өтініш түскенін, «Антикор лайф», «Адал көмек» жобалары іске қосылып, департамент жанынан «Үгіт» ақпараттық штабы құрылғанын және 1042 рет тікелей эфир ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында жоспар қайта қаралып, 626 млн. теңге бюджет қаражатының үнемделді. 24 кәсіпкердің құқықтарының қорғалды. «Сапалы жол» жобасы аясында 70-ке жуық кемшіліктің анықталып, жолды зақымдау, шамадан тыс жүк тасымалдау сияқты құқықбұзушылықтар бойынша 16 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен бірге, білім, денсаулық және өзге де салаларда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жастарды парасаттылықта, адалдыққа баулитын іс-шаралар өтіп отырады»,-деді А. Әжібаев.


Соңғы жаңалықтар