Жамбылда борышкерлерден бір күнде 5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір күнде 5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы үш күндік "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасын жол және көші-қон полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыруда.

«Шара барысындағы бір күнде 5 миллион теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынған. Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, барлығы 309 борышкерді қамтыған. Ал, арнайы мамандандырылған тұраққа 83 борышкердің көлік құралдары тоғытылды»,- дейді ПД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара құқық бұзушыларға салынған айыппұлды тиісінше өндіріп алу және айыппұлды уақытында өтеу қажеттілігі туралы халықты барынша хабардар ету мақсатына негізделген.

Соңғы жаңалықтар