Жамбылда биылғы шомылу маусымында 9 адам суға кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында биылғы шомылу маусымы басталғалы 9 адам суға кеткен. Оның 5-еуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғалар негізінен шомылуға барғандардың сақтық шараларын тиісінше сақтамауы салдарынан орын алады. Судағы қайғылы жағдайлардан бөлек, өңірдегі көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлап кету оқиғалары да азаймат тұр.

«Ағымдағы жылдың алты айында 5 бала терезеден құлаған. Олар ауруханаға жатқызылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 7 болса, оның біреуі қайтыс болған. Негізінен 1-5 жас аралығындағы балалар құлайды. Осындай фактілерді болдырмау үшін қазіргі таңда ата-аналармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде»,- дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Мақсат Әкімбаев.

Аталмыш департамент мамандары ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауын сұрап, өкінішке қарай, көбінде мұндай жағдайға кеңеске құлақ аспайтындар ұрынатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар