Жамбылда биыл балалардың жоғалуына қатысты 50-ден астам өтініш түскен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасап, балалардың қауіпсіздігі және оларды қараусыз қалдырмау әрқашан бірінші кезекте болуы керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық полиция департаментіне балалардың жоғалғаны туралы 50-ден астам өтініш келіп түскен. Бұл оқиғалардың 80 пайызы ата-аналардың өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы салдарынан орын алғандығы анықталған.

Қаратау қаласында 9 жасар қыз қайтыс болған қайғылы оқиғадан басқа, жоғалған барлық балалар табылып және үйлеріне қайтарылыпған. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.

«Баланы қарапайым ережелерге үйрету қажет: көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамдардың қолынан ешқандай дәм алмау, үйден алыс қашықтыққа кетпеу. Жамбыл облысының полиция департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Қырағы болыңыз, сіз әрдайым сіздің балаңыз қазіргі уақытта немен айналысатынын білуіңіз керек, өйткені балаларға немқұрайлы қарау орынсыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін»,-делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар