Жамбылда биыл 700 шақырымға жуық автожол жөндеуден өтеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат- Жамбыл облысында 700 шақырымға жуық автожол жөндеуден өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбевтің халық алдындағы есеп беру жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысы аумағындағы 692 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша 668 шақырым автожолды орташа жөндеуден өткізу, 6,1 шақырымдық жолды қайта жаңарту көзделсе, 18 шақырымдық жол жаңадан салынбақ.

Аймақ басшысы жалпы жыл соңына дейін аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық жолдардың үлесі 90 пайызға жетуі тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында 100 жаңа автобус сатып алу, электронды билеттеу жүйесін енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікті және жолаушылар тасымалының мәдениетін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылмақ.


Соңғы жаңалықтар