+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Жамбылда биыл 600 шақырым жол жөнделеді

2019 жылғы 15 қазан 15:41
Бөлісіңіз:
Жамбылда биыл 600 шақырым жол жөнделеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылы 114 жоба бойынша 600 шақырым жол жөндеуден өтеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы тиін бұзылатын болды Нұр-Сұлтан қаласында үй салу үшін рұқсатты қалай алады «Бекет ата» автожолы нормаға сай болмай шықты

Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Басқосуда облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үш тоқсандағы атқарған жұмыстары баяндалды.

Аталған басқарма басшысы Бақытжан Жәнібеков жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде өңірде бұрын-сонды есепке енбеген 714 көше анықталғанын жеткізді. Сондай-ақ, оның айтуынша, көшелерді жөндеу бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, бекітілген. Жол картасына барлығы 178 жоба енсе, ағымдағы жылы 114 жоба яғни 600 шақырымнан аса жол жөндеуден өтуі жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстар қызу жүргізіліп, оның басым бөлігі аяқталуға таяу. Дегенмен, Тараз қаласы, Меркі, Талас аудандарындағы жоспарлы жұмыстардың орындалуы сын көтермейді.

Сондай-ақ, жиында облыс аумағында ауыр жүк көліктерінің саны мен қарқындылығының артқандығы айтылып, соның салдарынан жергілікті маңызы бар автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылуының жиі орын алып жатқандығы көтерілді. Бұл бағытта облыс бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шараларға сәйкес арнайы салмақ өлшегіш көлікпен облыс жолдарында тексерістер ұйымдастырылып, айыппұлдар салу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілуде екен. Айталық, жылжымалы көліктік бақылау посттарында заң бұзушылықтар бойынша өткен жылдың есепті мерзімінде 1282 әкімшілік хаттама толтырылса, ағымдағы жылдың тоғыз айында ол көрсеткіш 867-ге түскен.

Асқар Исабекұлы облыс бойынша ауыр жүк көліктерінің санын анықтап, ондай көліктері бар мекемелермен келісімшарт жасасудың маңыздылығын айтып, тұрақты бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.

Басқосуда аймақ басшысының тапсырмасына орай облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді электронды билеттендіру, заңсыз жолаушылар тасымалын реттеу, бейнебақылау камераларын орнату, қала ішіндегі жол белгілерін қалыпқа келтіру, аялдамаларды біріздендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы да назарға алынды. Өңір басшысы облыстың сексен жылдық мерейтойын атап өту мерзімі таяп қалғанын ескертіп, орталық көшелердегі аялдамаларды бірегей типке келтірудің өзектілігіне көңіл бөліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT