Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылы 174 спорт алаңшасын салу жопарланса, бүгінде жоспар ойдағыдай орындалып келеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста шағын спорт алаңшаларына түгендеу жүргізіліп, қажеттілік 266 нысанды құраған. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес биыл жыл басынан бері 134 спорт нысаны пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 40-ы ашылмақ. Ал, қалған 92 нысанның мәселесі 2020 жылы толық шешіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Жансая» мөлтек ауданынан «Алаш Арена» кіші футбол алаңшалар кешені ашылды. Қаланың халық көп шоғырланған аймағынан бой көтерген ғимарат, жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынған. Кешенде стандартқа сай 2 кіші футбол алаңшасы, заманауи үлгідегі жаттығу залы мен арнайы киім кешек ауыстыратын және жуынуға арналған бөлмелері бар.

«Жыл басында облыс бойынша 174 спорт алаңшасын ашу жоспарланса, «Алаш Арена» 134-ші спорт алаңшасы. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалып, келер жылы 92 алаңша беріледі деп күтілуде. Ал, биыл Тараз қаласы аумағынан 15 спорт алаңшасы бой көтерсе, оның алтауы бюджет есебінен, қалған тоғыз спорт алаңшасы жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынған. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен бірқатар спорт алаңшалары қалпына келтірілген. Қазіргі жастардың кәсіби спортшы деңгейіне жетуі үшін, осындай спорт алаңшалар септігін тигізеді»,–деді облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Басқарма басшысы жергілікті тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуы үшін демеушілер көмегімен 400 адамға арналған 1 спорт кешені салынды, бюджет есебінен тағы екеуінің құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары ірі халықаралық жарыстарға қатысып, 14 спортшы жүлделі орындарды иеленсе, оның 1-і Әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар