Жамбылда бір тәулікте жедел жәрдем шақырту саны 1800-ден асты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір тәуліктегі жедел жәрдемді шақырту саны 1800-2000-ға дейін өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлердегі барлық аурухана мен емхана күрделі жұмыс кестесіне ауысқан. Облыста қатаң карантин шаралары енгізілді. Осынау сын сағатта негізгі салмақ жедел жәрдем қызметіне түсті. Бір күнде шақырту саны 1800-2000-ға дейін өсіпті.

«Біздің станса – Жамбыл облысындағы үлкен мекемелердің бірі. Мұнда қызметкерлер де өте көп. Бір тәулікте облыс тұрғындарына 93 бригада қызмет көрсетеді, 93 жүргізуші мен 150 медицина қызметкері күндіз-түні аяғынан тік тұрып, жаны қиналғандарға алғашқы көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаларға жеткізеді», – дейді облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрі­герінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.

Соңғы тәулікте 1 800-ден астам қоңырау соғылды. 226 адам коронавирус инфекциясымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Облыста 2 130 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Жатын орын 59 пайызға толтырылған. Жансақтау бөлімшесінде - 173 пациент емлуде.

«Егер 103 нөмірін теру кезінде бір себептермен қиындық туындаса, онда 9103 нөміріне қоңырау шалуға болады», - дейді К. Қызғараева.


Соңғы жаңалықтар