Жамбылда бір күнде 18 адамға ескерту беріліп, 10 адам қамауға алынды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір тәулікте карантин режимін бұзған 64 дерек тіркелді. Оның үшеуіне ескерту берілсе, 18 адамға айыппұл салынған. Он адам қамауға алынып, қалған істер соттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, облыс бойынша ТЖ режимі енгізілгеннен бері 372 құқық бұзушылық орын алған. Оның ішінде 370-і ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы және екеуі ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құқық бұзушылардың 26-сы ескерту алды, 148-іне айыппұл салынды, 61-і қамауға алынды, қалған істер соттарға қарауға жіберілді. Қалалық штабтың шешіміне сәйкес, 17 сәуірден бастап Тараз қаласында қалалық көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жеке автокөлікпен тек 08:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 19:00-ге дейін жүруге рұқсат етіледі. Қалған уақытта автокөліктің қозғалысына анықтама арқылы да тыйым салынады. Әкімшілік жауапкершілікке карантин режимін сақтамайтын адамдар тартылатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын әр азаматтың және жалпы қоғамның денсаулығы үшін қабылданатын, енгізілген карантиндік режим талаптарына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар