+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбылда «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба басталды

2020 жылғы 11 наурыз 13:58
Бөлісіңіз:
Жамбылда «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба басталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы заманауи фармацевтикалық кешеннің құрылысы аяқталуға жақын

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жаңа жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Аталған жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу болып табылады.

«Қордай ауданында болған оқиғалар жергілікті тұрғындардың арасында бірқатар мәселенің бар екендігін көрсетіп берді. Алдағы уақытта осындай жағдайлар болмауы үшін алдын алу жұмыстарын күшейту, барлық тиісті шараларды қабылдау керек. Жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынын зерделеп отыру қажет», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша бес жұмыс тобы құрылды.

Әрбір жұмыс тобының тізімдері бекітіліп, оған тиісті ведомстволардың бірінші басшылары мен салалық мамандар енді. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әр елді мекеннің ең ауқымды мәселелерін зерттеп, жергілікті тұрғындарды толғандырып, алаңдататын мәселелерді анықтауды тапсырды.

Айта кету керек, жұмыс тобы ең алдымен 12 наурыз күні Қордай ауданына аттанбақ. Бұл тұрғыдағы жұмыстар облыстың барлық аудандарында жалғасын табатын болады.

Аудандардағы тиісті ахуалды зерделеу қорытындыларына сәйкес нақты ұсыныстар әзірленбек. Мұндағы басты мақсат – тек Жамбыл облысында ғана емес, жалпы ел бойынша алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT