Жамбылда бес тәулікте 50-ге жуық есірткі қылмысы анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы барысында бес тәулік ішінде 50-ге жуық есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күнде 50-ге жуық есірткі қылмысын анықтады. Олардың ішінде төрт дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі яғни, аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және үш дерек 303-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзу) бойынша тіркелген. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігі мен 2-бөлігі немесе қоғамдық орындарда есірткі құралдарын медициналық емес тұтыну, есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бойынша 22 қылмыстық теріс қылық және 18 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның алтауы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 427-бабының 1-бөлігі бойынша болса, 1 дерек ҚР ӘҚБтК 464 және 426-баптарының яғни, фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласының ережелерінің талаптарын бұзған»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.

Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 237 келі 283 грамм 400 милиграммды құрады. Оның ішінде 5 келі 637 грамм марихуана, 3,400 грамм синтетикалық есірткі, 231 келі 643 грамм күкірт қышқылы, 1327 психотроптық және есірткі заттары болып табылады.

Соңғы жаңалықтар