Жамбылда бес күнде мас күйінде көлік жүргізген 22 адам ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда 3500-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Шара барысында облыс жолдарында, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.

Аталған іс-шаралар шеңберінде бес күннің ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 3 447 әкімшілік бұзушылықты анықтап, жолын кесті.

Оның ішінде – 327 өрескел бұзу дерегі, оның 37-і қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған.

«Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарудың 119 дерегі анықталды. Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жүргені үшін 75 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыс кезінде басымдық бермегені үшін 54 жүргізуші және апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін 34 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік, есірткі қолданып, мас күйде басқарғаны үшін 22 жүргізуші ұсталды», – деді Жамбыл облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың 14 дерегі, көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың бес дерегі және көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарудың бір дерегі анықталған.


Соңғы жаңалықтар