Жамбылда бес күнде 26 келіден астам марихуана тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында есірткі таратуға қарсы жедел алдын алу іс-шаралары кезінде 17 қылмыстық құқық бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бес күндік шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 26 килограммнан аса марихуана есірткі заты тәркіленді.
«Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан 2 шақырым жерде меркілік азаматты ұстады. Ұсталған 42 жастағы тұрғыннан салмағы 14 келіге жуық есірткі заты табылды. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл - іс-шара кезінде анықталған 17 қылмыстық фактінің біреуі ғана»,-дейді аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Сондай-ақ, операция барысында қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактілері де әшкере болған.
- 2020 жылдан бастап ломбардтар қызметіне өзгерістер енеді
- Елімізде ұрлықтың қайталану фактісі ауыр қылмыстар санатына енгізілуі мүмкін
- Таразда Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай республикалық конференция өтті
- Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды
-
Жамбылда жол бойында 28 жылыту пункті жұмыс істеп тұр
-
Ақтөбеде қыз алып қашқандар ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам