Жамбылда балабақша қаржысын жымқырған топ ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында балабақша қаржысын жымқырып, жалған құжат дайындаған топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теріс әрекетке барған лауазымды тұлғалардың қылмыстық ісі бүгінгі таңда сотта қаралуда. Бұл мәселе Жуалы ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кеңейтілген отырысында сараланды.

Білім мекемесіндегі лауазымды ұйымдасқан топ пен жеке кәсіпкер алдын ала сөз байласып, 7 398 467 теңгені талан-таражға салған. Енді олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі, 385-бабы, 1,3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Алқалы жиында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруғ бағытталған жүйелі жұмыстар жайы да айтылды.

«Педагогтар мен ата-аналардан түрлі себеп-сылтаумен ақша жинау, сыйлық қабылдауға қатаң тыйым салынады»,-деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін де ескертті.



Соңғы жаңалықтар