Жамбылда бала ұрлығы туралы жалған хабар таратқан әйел жұрттан кешірім сұрады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылда бала ұрлығы туралы жалған ақпарат таратқан 54 жастағы әйел көпшіліктен кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, осыдан екі-үш күн бұрын «WhatsApp» мессенджерінде әйел адам Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында белгісіз адамдардың жас баланы ұрлауға әрекет жасағаны туралы хабарлама таратқан болатын. Аталған ақпарат көпшіліктің көңіліне үрей ұялатып, қорқыныш тудырған еді.

Алайда облыстық полиция департаменті ондай оқиға тіркелмегенін, хабарламаның жалған дерекке құрылғанын жеткізді.

«Хабарлама тараған күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аудиожазбаны таратқан Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғынын анықтады. Шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан 54 жастағы әйел өз әрекеті үшін тұрғындардан кешірім сұрады»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, облыстық Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар