Жамбылда автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолында «ВАЗ-21014» маркалы автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан үш полиэтилен қапты тәркіледі.

Қаптардың ішіндегі заттың жалпы салмағы - 8 келі 600 грамм. Ол кептірілген марихуана болып шықты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факт бойынша Жамбыл облысының 28 және 31 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

Олар Меркі ауданының құмға жақын маңдағы аймақтарында марихуана жинаумен айналысқан.

«ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, олар Меркі ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар