Жамбылда ауыл молдасы көршісін пышақтап өлтіріп, өзі асылып қалған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жамбыл ауданында ауыл молдасы өзінің көршісін пышақтап, артынан өзі де асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанды оқиға аталған ауданға қарасты Бесағаш ауылында болған. Марқұм болған 51 жастағы молда Мұса Сүлейменов аталған ауылда 15 жылдан бері мешіт имамы болып келген. Ресми мәліметке сүйенсек, ол көршісі Қанат Дөненбаевқа ас үй пышағымен жарақат салған.

Қорада орын алған қақтығыс тұрмыстық кикілжіңнен басталған деседі. Қ.Дөненбаев ауыр жарақаттан сол жерде қаза тапса, сол күні М.Сүлейменов өз-өзіне қол жұмсаған. Ол ауылдағы № 8 үйдің жанында ағашқа асылып тұрған күйінде табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен және өз-өзіне қол жұмсауына қатысты 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дәулетжан Бектенбаев.

Ал, облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы, облыстың бас имамы да бұл оқиғаның тұрмыстық мәселеден туған жанжал екенін растап отыр.

Соңғы жаңалықтар