Жамбылда «Ауыл–ел бесігі» жобасымен 104 нысан жөнделіп, 4 нысан бой көтеруде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 108 жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған бірегей бастама. Мемлекет басшысының Жолдауында да аталған жоба аясындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Бүгінде жоба аясында облыстағы Байзақ, Жамбыл, Шу аудандарының орталықтарында 108 жоба іске асуда. Бұл бағытта 2 миллиард 77 миллион теңге қарастырылған. Оның 104 жобасы әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеу бойынша, қалған 4 жобасы әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуге арналған. Қазіргі таңда 31 нысан толықтай салынып бітті.

«Президентіміз 2020-2024 жылдарға осы «Ауыл –ел бесігі» жобасын қаржыландыруды үш есеге көтеріп, ауылдық елді мекендерді қамту санын арттыруға бағыттап отыр. Республика тарапынан 373 елді мекеннің қазіргі өңірлік стандарты әзірленді. Сол өңірлік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары басталып кетті. Осы сәйкестендіру бағытында бізде 62 тіректі елді мекендер таңдалып алынды. Алдағы уақытта оларды қаржыландыруға бағыттайтын боламыз»,-дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.
Ал, 2020 жылға осы орайда облысқа 2 миллиард теңге көлемінде қаржы лимиті белгіленіп, оған Қордай, Меркі, Саудакент ауылдарында 53 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар