+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Жамбылда ауқымды жобаны жүзеге асыру басталды

2019 жылғы 23 қыркүйек 23:42
Бөлісіңіз:
Жамбылда ауқымды жобаны жүзеге асыру басталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасы нақты қолға алына бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды Біржан Нұрымбетов: Міндетіміз – кадр даярлау жүйесін жұмыс беруші талабына бейімдеу Қостанай облысында 15 мың жұмыс орны ашылды – әкімдік

Жоба бойынша облыстың әр ауданынан бір-бір ауылдық округ таңдалған болатын. Онда аталмыш ауқымды жоба алғашқы кезең негізінде пилоттық режимде жүзеге аспақ. Осыған орай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі аудандарға іс-сапарға шығып, аталмыш он ауылдық округтерге арнайы баруды бастады. Ондағы мақсат - тұрғындармен тікелей жүздесіп, атқарылар жобалардың барысын барлау.


Аймақ басшысы бүгін Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Еркін форматта өткен жиында ауылдықтар өздерінің көздеп отырған жоспарларымен бөлісті.


Ашығын айту керек, бүгінде ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылық жерлерін ұтымды ұқсату ойдағыдай емес. Оны тиімді табыс көзіне айналдыру - тұрғындардың тікелей өзіне байланысты болып отыр. Ал, жоба аясында жергілікті халыққа қолдау мүмкіндігі ретінде 2,5 пайызбен несие берілмек.

Кездесуде әкім осыны баса айтып, көкейдегі көп сауалдарға нақты жауаптар беріп, түйткілді жайттарды жан-жақты түсіндірді.

Бесағаш ауылдық округіне Бесағаш және Түрксіб елдімекендері қарайды. Онда барлығы 1 336 аула иелері және 10 көпқабатты тұрғын үйде тұратын 160 отбасы бар. Жалпы халық саны - 6 820 адам. Округтегі 1176 аулада жеке қосалқы шаруашылығы бар десек, Ондағы үй іргесіндегі жер көлемі 154,9 гектарды құрайды. Оның сумен қамтылғаны 771 аула (104,5 га), пайдаланбай жатқаны 405 аула (50,4 га).

Бүгінге дейін жобаның бірінші бағыты бойынша осы округтен 1176 аула өтінім беріп үлгерген. Ал, мал шаруашылығы бойынша 128 аула иелерінен тиімді несиеге деген сұраныс түскен. Басқа да қалған үш бағыт аясында да қызу жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласынан басқа, пилоттық округта жалпы шағын кәсіп бойынша 30 миллионнан астам теңгенің 14 жобасы ұсынылып отыр. Оның ішінде: шаштараз, монша, тігін цехы және тағы басқа да жобалар бар. Ал, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға барлығы пилоттық округ бойынша 131 жобаға сұраныс білдірілген.

Жиыннан соң ауыл тұрғындарының бау-бақшаларымен танысқан аймақ басшысы Бесағаш ауылы Бекеев көшесінде орналасқан Мурат Баянбаевтың жылыжайының жұмысын барлады. Аумағы 0,7 гектарды құрайтын жылыжайдан жылына екі рет өнім алынса, таза табысы 300 мың теңгеге айналуда. Асқар Исабекұлы жоба аясында жылыжайдың жұмысын жандандырып, өнім көлемін арттыру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, үй іргесіндегі жерің тиімді игеріп отырған жылыжай иесін өзгелерге үлгі ретінде ұсынудын маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары барысында дәндік жүгері егілген алқаппен және Түрксіб ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысымен танысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT