Жамбылда әскерге алынатын азаматтарды іріктеу басталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында күзде әскерге шақырылатын азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

Облыста 2018 жылдың 10 шілдесінен бастап 28 қыркүйегі аралығында әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары болады. Зерделеу 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - алдын-ала іріктеу үшін әскерге шақырылушылардың жеке ісі тексеріледі және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ол жұмыс жасайтын немесе оқитын оқу орындарының өкілдерімен әңгімелесу жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында әскерге шақырылушының моральдық келбеті, денсаулық жай-күйі, дене дайындығы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы анықталады. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін сапалы зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Екінші кезеңде әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық әскери-медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін Қарулы күштердің қандай түріне және әскери бөлімдерге баратыны анықталады.

Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.

Соңғы жаңалықтар