Жамбылда арқар атқан браконьер ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер арқар атқан алған браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Мойынқұм ауданындағы әріптестерімен бірге арқар атып алу дерегімен 51 жастағы азаматты ұстаған. Жануарды атқан Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының тұрғыны болып шықты.

«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Сот-биологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, браконьердің аң аулауы мемлекетке шамамен 12 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337 бабы яғни заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, арқар «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғалуды қажет ететін жануар.


Соңғы жаңалықтар