Жамбылда археологтар VI-VII ғасырдағы қалашықты тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Жамбыл облысының бес тарихи нысаны - Ақтөбе қалашығы (Степнинское), Құлан, Өрнек, Қостөбе, сонымен қатар Ақыртас сарай кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне кірген.

«Шу мен Талас өзендерінің арасында жатқан Жамбыл жері тарихи орындар мен оқиғаларға толы мекен, - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық мұражай-қорығының директоры Тәкен Молдақынов. - Тараздан 100 шақырым қашықтықтағы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының аумағынан көптеген тарихи ескерткіштер табылды. Бұл жерлес-әскерлеріміз бен белгісіз сарбаздың ескеркіштері, Абсент жылқысының ескерткіші, темір ғасырындағы қорғандық бейіттер, VІІ-ХІІ ғасырлардағы діни ғимараттар, керуен-сарай, Өрнек қалашығы, жартастағы суреттер. Аудан орталығы Құлан ауылының маңында республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш Құлан қалашығы бар. Бұл сегіз ғасырдағы ескерткіштердің бірегей кешені».

Молдақыновтың айтуынша, Құлан ежелгі қалашығы VI - VIII ғасырдағы қытай және араб деректерінде кездеседі. Құлан Ұлы Жібек жолындағы жүкті ауыстырып тиейтін орын болған. Саудагерлер Жапония, Корея және Қытайдан Орталық Азия, Ежелгі Русь пен Византияға жібек, зергерлік бұйымдар мен бояулар алып келген. ХХ ғасырдың 60-жылдарында зерттеген кеңестік археологтар билеушінің қала сыртындағы резиденциясын, бай қала тұрғындары мен шарапшылардың мекендерін тапты. Бұл аумақта (ежелгі Тараз секілді) түрлі діндер мен мәдениеттердің болғандығын дәлелдейді. Қазіргі қазба жұмыстары VI ғасырдағы қала жасын анықтады. Нысанның топографиясында шахристан, цитадель мен рабадтың орындары нақты көрсетілген. Алматылық археологтар алғаш рет цитадельдің орталық кеңістігін ашып, билеуші сарайының орталық аумағына дейін жетті. Қазба жұмыстары кезінде қызықты артефактілер - керамика, түргеш дәуіріндегі тиындар, зергерлік бұйымдар, қола қазан, дәнді дақылдар мен шарап сақтайтын құмыралар, еңбек құралдары, қол диірмені және тағы басқа көптеген заттар табылды.

Алайда, еуропоидтық пен түріктік келбеті аралас тәж киген күйдірген саздан жасалған төрт бастың табылуы таңқаларлық оқиға болды. Бұл мүсіндердің қалдықтары IX ғасырға тән. Композиция біздің дәуіріміздің бірінші ғасырындағы Орталық Азияға тиесілі әулеттік топтық кескінді білдіреді. Құлан қалашығында табылған осындай бас мүсіндері Қазақстан аумағында жоқ. 

Соңғы жаңалықтар