Жамбылда анықталған науқаспен байланыста болған 3 адам карантинге жатқызылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандығы бүгін анықталған науқас Тараз қаласының тұрғыны,- деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«1975 жылы туған азамат 10 сәуірде жөтел мен дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданып, ауруханаға жатқызылды. Алынған ПТР зертханалық талдаулар қорытындысы COVID-2019 инфекциясына оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. Олардан зертханалық зерттеуге анализ алынды»,- делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тұрғылықты және барған орындары бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар