Жамбылда алтын қазумен заңсыз айналысқан екі топ ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Жамбыл ауданында алтын қазумен айналысқандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйектің 7-сінен 8-іне қараған түні Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында алтыны бар кен іздеумен және өз бетінше жинаумен айналысқан екі топты қолға түсірді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ұсталған екі топтың біреуінде үш адам, екіншісінің құрамында төрт адам болған. Олар заңсыз кәсібін Ақбұлақ ауылына жақын маңдағы Жамбыл ауданының таулы жерлерінде жүзеге асырған. Алтын іздеушілердің үш автокөлігінде жұмысқа қажетті барлық құрал-сайман болған. Полиция қызметкерлері құрал-жабдықтармен бірге алтыны бар кен тастары салынған төрт қапты тәркіледі» делінген ведомство хабарламасында.


Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігімен («Жер қойнауын өз бетімен пайдалану») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар