Жамбылда алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері контрафактілік есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, жасанды алкоголь өнімін дайындайтын цехты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар