Жамбылда алғаш рет өкпенің қатерлі ісігін таратпайтын ота жасалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алғаш рет өкпенің қатерлі ісігін таратпайтын жаңаша ота түрі жасалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық құрылымында өкпенің қатерлі ісіктерін жан-жағына тарала бастағкезеңінде шұғыл емдеу бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Оған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының медицина ғылымдарының кандидаты, PHD докторы Мақсат Қарасаев қатысты.

Шеберлік сыныбы аясында тыныс алу жеткіліксіздігі мен өкпеден қан кетуден зардап шеккен Тараз қаласының 63 жастағы тұрғынына ота жасалды. Науқасқа оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінің карциномасы және бифуркациялық лимфа түйіндеріндегі метастаздар диагнозы қойылды.
«Алматылық онкохирург М.Карасаев кеңейтілген аралас операция жасады. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық құрылымының хирургия бөлімшесінде өкпе обыры кезінде торакальды оталар жасалып тұрады, алайда мұндай кең көлемдегі реконструктивті-пластикалық ота алғаш рет жасалды»,-делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар