+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбылда алғаш рет лимон көшеттері егілді

2019 жылғы 12 қараша 13:03
Бөлісіңіз:
Жамбылда алғаш рет лимон көшеттері егілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алғашқы лимон көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша пилоттық жоба қолға алынған. Жоба аясында өңірдің барлық аудандарында лимон, анар, жүзім және бадам өсіру бойынша оқыту семинарлары өткен болатын. Онда спикерлер ретінде отандық және шетелдік сарапшылар, тәжірибелі мамандар тартылып, білгендерімен бөліскен еді.

Соған орай палата жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қолда бар ауыл шаруашылығы қызметінің әлеуетті түрлерінің тиімділігіне талдау жүргізіп, аймақтың климаттық жағдайына сәйкес келетін жоғары салмақты бағыттарды іріктеп алған. Бүгінде Меркі, Қордай, Т. Рысқұлов және Жуалы ауданында лимон көшеттерін отырғызу басталды.

Палата жылыжай кешендерін, жеміс-жидек, жаңғақ дақылдары тәлімбақтарын, сәндік көшеттер мен шағын ферма салу үшін жалпы алаңы 6 гектарды құрайтын «Агроаумақ» жобасын қолға алуда.

«Өңірлік палата облыстың барлық аудандарында шағын жылыжай салу және жеміс-жидек дақылдарын өсіру үшін «Агроаумаққа» жер телімдері бөлінуде. Бұл жобалар жеміс-жидек, көкөніс дақылдарын өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкердің табысы мен бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал жасайды. Сондай-ақ халықты отандық өндірістің сапалы табиғи көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді», - дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT